Шертіл бүгін
Бұл бетте «Шертіл бүгін» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоқ менің тірі жанға қастандығым,
Бақытым тайған емес бастан бүгін.
Жыр болып, жүрегіңе қайта оралар,
Алдыма адалдықпен тосқан гүлің.
Қандай ашық, бұлтсыз — аспан бүгін!
Биік-биік белеске асқан күнім.
Жер бетінде қамалған ойлар қанша?
Неге тұрар, бір күнгі бостандығың!..
Әлемді қызықтырар еркіндігім,
Елім қостап, еркінше серпілді үнім.
Саған ерік берейін сері мұра,
Шертіл-шертіл, домбыра,
Шертіл бүгін!..
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі