Бұл бетте «Батыр қала» атты Марфуға Айтқожина жазған ерлік туралы өлең берілген.
Ленинград,
Батыр қалам!
Атайды мақтанышпен
Атыңды адам.
Кешегі бір қыспақта,
Қиын күнде —
Сияқты ұлы ерлікке шақырған ән,
Батыр қалам!
Ленинград,
Батыр қалам,
Сен менің —
Сияқтысың ақылды анам.
Сен тұрғанда мен дәйім батылданам!
Ленин болып танылды —
Атың маған.
Ленинград,
Батыр қалам!
Орандың, от күндерді шатырланған!..
Жазылмай күні бүгін —
Жатыр жараң,
Сені қорғап бауырыңда —
Жатыр балаң,
Батыр қалам!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі