Бұл бетте «Жыр алыбы» атты Марфуға Айтқожина жазған поэзия туралы өлең берілген.
(Ленинградтағы Жамбыл көшесі)
Жамбыл даусы саңқ етті құлағыма,
Жақсы жыр жан қысылса туады да.
Жаңғырып жатты үні алатаудан,
Жүз жастың жеңдірмеген тұзағына.
Шабыт келді, жол тартты ұзағына.
Жыр — алыбы, жыр толғап, қазады да!
Жарысып домбырамен дауыс кетті
Қарлықпас, әрі өктем, ызалы да!..
Тебірентті, толқытты өлең — көгін,
Жырмен демеп, Ленинград өрендерін!..
Жауына жауынгермен бірге аттанып,
Тоқсанда атқа қонды, кемеңгерім!
Қарт жырау, шықты осылай ел ішінен,
Өршіл үн, үдей соқты өрісінен.
Өлең — дауыл, борады үсті-үстіне,
Құттықтап Совет елін — жеңісімен!
Бүкіл әлем естіді қас қағымда,
Қалды үні Ленинград аспанында.
Әлі де толғанып тұр Жамбыл атам,
Қаланың ең биіктеу, бас жағында!..
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі