Арман шынар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Арман шынар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5261
Бұл өмір талайлардан қалған шығар,
Талайларға даңғыл жол салған шығар.
Келемін мен-дағы өз соқпағыммен,
Алдымда адастырмас арман шынар!..
Өмір күйін ерекше толғаушы бар,
Даналық та, тапқырлық ойдан туар.
Қулығымен құбылған,
Табыс құмар табылар,
Ерен күшпен ойнаушылар...
Талғамсыз бар, талантты, талғаушы бар,
Жан сала жақсылықты жалғаушы бар.
Зая кетпес адамға еткен еңбек,
Істеген жақсылығың алдан шығар!..
Алдымда адастырмас арман шынар,
Емес ол, жанды арбаған жалған құмар.
Адал ой, асыл қиял, ақ құсым-ау!
Осылар, мені дәйім қолдаушылар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері