Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Білесің жұрт мінезін аралассаң

Бұл бетте «Білесің жұрт мінезін аралассаң» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2836
Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Қадамды қалт жібермес, жаза басқан.
Оң мен солға бұлтартпас сергек сезім,
Бас білмейтін асаудай ала қашқан.
Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Көңіл биік, жайына қалады аспан...
Абайлатпай, аяқтан шалып қалар,
Алдына түсіп, озып бара жатсаң...
Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Болады дәруіштей, дәрменді адам,
Шипа болар, жаныңды жаралатсаң.
Білесің жұрт мінезін аралассаң,
Бұлақтар бар, биіктен тарап аққан.
Жаралған жандар қанша жақсылыққа,
Туғаннан табиғаты дара жатқан.
Кір жұқтырмас жандар кеп,
Гүл — көңілді, көпсінбейтін жадырап
Күлгеніңді кейбіреудің еркіне
Қойсаң егер, қаламайды,
Жер басып жүргеніңді...
Дос жанына батады жүдегенім,
Тағдырдан жалғыз соны тілер едім:
Бәрінен пенделіктің биік болып,
Елге керек, жүдемей, түлегенім!
Жай ұғып, хабардар боп жүреді елім,
Жеткізер арманымды бұл өлеңім!..
Қуатым да, қызығым қуаныш сол —
Елімнен татам дәйім жүрек емін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білесің жұрт мінезін аралассаң өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Білесің жұрт мінезін аралассаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білесің жұрт мінезін аралассаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білесің жұрт мінезін аралассаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері