Көгершіндер
Бұл бетте «Көгершіндер» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көгершіндер, көзіме ыстық көрінген,
Келдіңдер ме, менің шалғай жерімнен?
Келдіңдер ме, шын сезіммен берілген,
Көкірегіңнен өнің ыстық төгілген,
Сағыныш қой, араласқан шеріңмен!..
Көгершіндер, қандай ғана сәнді ең,
Бастарыңды қосқан шашқан дән білем...
Татулығың үшін жүрер таласпай,
Қалар едім, қастарыңда мәңгі мен,
Түсініксіз әңгімең.
Қонасыңдар тереземе таласа,
Табысқаның, өбіскенің тамаша!
Аялайсың бір-біріңді соншалық,
Үйіріңнен бөліне қалсаң оңаша,
Мейірімің дүниені жылытқандай,
Емірене, еркелейсің балаша!..
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі