Асау арна – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Асау арна» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1739
Сезімнің өзі де бір асау арна,
Жатпайды ол тығылып тасаларда.
Келер ол көктем болып,
Күй бөктеріп,
Көк желегін жамылып,
Жасанар да.
Сезімнің өзі де бір асау арна,
Биіктен ағытылар,
Бас алар да...
Толқынымен лақтырар
Тосқыныңды,
Таудың да бөгеті оны
Тоса алар да...
Толқыныңмен лақтырар
Тосқыныңды,
Таудың да бөгеті оны тоса алар ма?!.
Жасыр ма ол
Жанарға жас алар ма,
Сан үміттер жетелеп,
Басады алға.
Сезім — ол сәйгүлік белдеудегі,
Желдей есіп,
Желпінер босанар да!
Сезімсіз көңіл гүлдеп,
Құлпырар ма,
Сезімсіз өмір алға ұмтылар ма?
Сезім ғой,
Жек көрсетер жетесізді,
Сезіммен жақсыға жан ынтығар да!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері