Таңғы шық – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Таңғы шық» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3952
Меруерттей мөлдіреді,
Шөп басына шық тұнып.
Гүл желегі желбіреді,
Нәзіктігін ұқтырып.
Тау қыраны зулап өтті
Қанатымен ықтырып.
Қыр басында қызыл түлкі
Індетеді бұқтырып,
Қыранға тән — мықтылық!
Тау өзені гүрілдеді,
Тентек толқын таласып.
Жасыл құрақ дірілдеді,
Тербелгені жарасып.
Бір-біріне жанасып.
Самырсындар сап түзейді,
Алыстарға қарасып.
Ару шопан жасыл беттен —
Бара жатты әрі асып,
Нұрға толып,
Сырға толып қарашық...
Жапырақтан шық тамады,
Ерке қыздың жасындай,
Сұлулыққа сұқтанады,
Адам жаны осындай
Сүйсінгенін жасырмай!
Жалт етіп жанар жасындай,
Ақықтың інжу тасындай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері