Ақ Еділ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2198
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Ағыңнан бар ма кезең жарылмаған.
Арнаңнан тасқын аунап өтсін қанша,
Арусың, пәктігіңнен арылмаған.
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Марқайып кетеді екен жанында адам.
Толқындар ширатылып,
Шырқап биік,
Тосқандай сұлулықтың бәрін маған.
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Құлшынып тағдыр күшке жалынбаған.
Кемелденген кезеңде келіп тұрмын,
Жырға орап жүрегімді жалындаған.
Қарасам өткен күнге салғастырып,
Шайдай ашық жанымда
Қалмас күдік.
Кесілесің астасып аспанменен,
Көк толқынмен ойымды жалғастырып.
Сырғыған сұлу толқын,
Сырнай дала,
Оңашада ақын жан тұрды ойлана.
Сағынышым сияқты ағасың ғой,
Арнаңды басқа жаққа бұрмай ғана.
Сезім бар,
Серілік бар тасқында да,
Сый етіп талай сырды тостың жаңа...
Жалтармай жан-жағыңа
Жөңкілгенің,
Жадында сенің жалғыз —
Каспий ғана!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ Еділ өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Ақ Еділ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақ Еділ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ Еділ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері