Ауру жүрек ақырын соғады жай
Бұл бетте «Ауру жүрек ақырын соғады жай» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.
Кейде ыстық қан басып кетеді оны,
Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,
Еркелік пен достықты ауру көрген.
Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты
Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.
Тірілтіп өткен күнді, тағы шөлдеп,
Осы күнді күн демес қарғап, міндеп.
Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық,
Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп.
Кейде ойлайды жылауға қайғы зарын,
Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін.
Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,
Кетірер деп мазақтап беттің арын.
Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай.
Кейде ыстық тағы да қан басады,
Кейде бір сәт тыншығар үн шығармай.
Бұл сайт керпмет жақсы сайт екен маған ұнады
оте тамаша саит.рахмет
Супер маган унады
өте жақсы сайт екен !!!
Өте жақсы сайт маған ұнады
Оте жаксы сайт суперрр
Өте жақсы маған бұл керек еді!!☺
Абай атамыздың осындай керемет өлеңін қолжетімді еткен осы сайт керемет екен!!!
Өте керемет
Абайдын олени керек болса осы сайтты карай саласын осы сайт маган катты унады
Өте тамаша сайт маған ұнады
Кушты
Керемет
Керемет екен маған қатты ұнады
Абай Құнанбайұлының Ауру жүрек ақырын соғады жай өлеңі маған ұнады
Өте жақсы сайт екен маған ұнады!!!
Өте жақсы сайт екен маған ұнады!!!