Бесік басында

Бұл бетте «Бесік басында» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 10
  • 68872
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?
...Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!


Пікірлер (10)

Алинұр

Жақсы

Дарина

Өте керемет☺

Myrza

Өте керемет!

өте керемет

қатты ұнады

Пустой квадрат

Мен жарыста осы өлеңді айтып бас жүлде алғанмын.Күшті өлең

Зере

Өте керемет өлең тамаша
Маған қатты ұнады

Бауыржан Расул Ғалымұлы

Е қалайсыңдар мені таныдыңдар ма.Мәә күшті ғо мына өлең. Маған қатты ұнады.

Анар Сеисенбекова

Керемет өлең шумақтары

Дико

«Бесік басында» — Мұқағали Мақатаевтың қазақ поэзиясында отбасылық мейірім мен балалық бейбіттікті нәзік баяндаған көркем шығармасы.
Бұл өлеңде ақын сәбидің ұйқысының тыныштығын, ата‑ананың жүрегіндегі жылылық пен қамқорлықты поэтикалық сөздер арқылы ұсынады. Ақын:

Сәбидің ұйқыдағы келбетіне қарап тыныштықтың рақатын сезінуі;

денсаулық пен бай‑қайланысқа мән беруі;

баланың күлкісі мен жан жылуы арқылы өмірдің мәнін ашуы

сияқты терең ойларды әдемі тілмен жеткізеді.

Бұл туынды — балалық шақтың құшағында, туғаннан кейінгі алғашқы мейірім мен тату‑дәмді отбасылық сезімді тамаша сипаттайтын поэзияның жарқын үлгісі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бесік басында өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Бесік басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бесік басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бесік басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері