Дарқан далам – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Дарқан далам» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3190
Дарқан далам,
Миллиард сый тартасың
Барсам маған.
Нағылған кішіпейіл, мейрімді едің,
Аспанында ақ иық өн самғаған —
Дарқан далам.
Дарқан далам,
Сағына қауышамыз
Барсам аман.
Анасың ғой иіген ақ мамасы,
Күнің жоқ сағынышпен қарсы алмаған,
Дарқан далам.
Дарқан далам,
Болдым ғой бір өзіңнің
Арқанда адам.
Жыл сайын миллиард пұт астық алып,
Жазығында тау-тау боп дән саулаған,
Дарқан далам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері