Бұл бетте «Тау аңғары» атты Марфуға Айтқожина жазған табиғат туралы өлең берілген.
Сан жолдың тоғыстырған тарауларын,
Көріп пе едің құзар шың,
Тау аңғарын.
Нұрланады өзіне жинап алып,
Күннің алтын сәулесі, бояуларын.
Өзені анау құздардан құлаш ұрған,
(Сияқты қара бұрым — бұратылған).
Еркелігін асырған арудайын,
Ақша бұлт шың иығына
Тұр асылған.
Жетелеп бірін-бірі алып қашып,
Жатыр шынды толқындар
Жарып тасып.
Жартастар елең қылмай паңданады,
Мінез ғой, қалған оған қалыптасып.
Мақпал жаз ба, ұйтқыған —
Қырау қыс па,
Көңіл тынар, даладан бір ән құшса.
Құзар шындар еркесі кең даланың,
Қандай арман бар екен қыран құста.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі