Бұрым – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Бұрым» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2101
Тынысың кең-ау сенің, қайран дала,
Қанбаспын қызығыңа,
Сайранға да.
Жаңа түскен келіндей жасауы мол,
Жайнатып көз алдыңа жайған жаңа..
Асқар шындар мекені-ау, шынарлардың,
Мен өзіңе ерекше құмар жанмын.
Сағынсам сағымдардың арасынан,
Момақан қалпың менен мұнарландың.
Еркелейсің мендегі ерікті ала,
Кете бардым үн-түнсіз еріп қана.
Күмбезіне күй өрген сері далам,
Жарандар, сенбесеңдер келіп қара.
Кете алмассың сен одан тегіндікпен,
Жартастар томсарады шерін бүккен.
Ақбас шыңдар бейне бір арулардай,
Сонау бір майдандағы —
Жарын күткен.
Қалайша мен өзіңді сағынбаспын,
Қара жолдың, ақ нөсер, шаңын бастың.
Бір бұрым боп төсіңнен құлар болсам,
Басқа тілек тілеп те жалынбаспын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұрым өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Бұрым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұрым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұрым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері