Тойым жоқ-ау – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Тойым жоқ-ау» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тойым жоқ-ау бұл шіркін көңілге де,
Сонша жомарт болды екен өмір неге.
Алтын тапсақ, кетеміз айырбастап,
Қолаға да, мысқа да, темірге де.
Ие болу һәм қиын сенімге де,
Бұл уәде болды екен тегін неге?
Тыңдырмастан бір ісін бір кісінің,
Дәмегөй қып жүреміз көбін неге?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері