Дос сенімі – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Дос сенімі» атты Жарылқасын Аманұлы жазған достық туралы өлең берілген.

Сенімді дос құм етсе жігерімді,
Қан ағызып тістермін бұл ерінді.
Амал қанша, таба боп дұшпаныма,
Еңсем түсіп, білемін, жүрерімді.
Жатсам құлап жауымның соққысынан,
Төрелігін деме, дос, топқа ұсынам.
Қырғи емес, бұта түп күйкентай де,
Күйкентай де қиылған топшысынан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері