Асау – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Асау» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2141
Шың баурайы бұйығады дым бүркіп,
Тығылады қою тұман
Шыңға үркіп.
Бұның бәрі жылқышыға түк емес,
Үйретіп жүр асауларды шыңғыртып.
Жаужүрек боп өскен олар жастан-ақ,
Жалында ойнар жабағының ноқталап.
Ойнақ салып сыртқа шықса сәйгүлік,
Қайырады құрықпенен қақпалап.
Шыңғырады, асау шыңға өрлейді,
Долданады, көкке ыршиды, терлейді.
Дүлей күшке сенгенменен бірақ та,
Жылқышы оған енді ерік бермейді.
Қалшылдайды ашу билеп денесін,
Шырқырайды шақырғандай енесін.
Енді тіптен тулағаннан не пайда,
Құрық түсті, көнбесең де
Көнесің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері