Қазықұрт

Бұл бетте «Қазықұрт» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3148
"Басында кеме қалған" Қазықұрт па,
Көрмей-ақ жетіп жатар назы жұртқа.
Қабыл ал сәлемімді ала келген,
Жүректің сен деп шерткен сазын ұқ та.
Мына отырған Қазықұрт халқы ма еді,
Қашаннан құштар еткен салты мені.
Атына сәулеті сай жарасады,
Уа, жұртым,
Жүзің неткен жарқын еді.
Бұлдырап қалып жатыр жарысқан күн,
Еңбек, Мерей,
Өзіңмен табысқан мың.
Замана өр тұлғаңды сомдап соққан,
Сен бір қайнар бұлағы —
Табыстардың.
Қазықұрт,
Қандай көркем, құнарлы едің,
Көркемдігің болмаса ұнар ма едің.
Осынау халқым сүйген ұлы тауда,
Шайқалмайтын — Шынар боп тұрар ма едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазықұрт өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Қазықұрт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазықұрт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазықұрт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар