Қос басында

Бұл бетте «Қос басында» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1448
Қандай жақсы, дүрліккен дала қосы,
Есіңнен кетпестей боп қалады осы.
Шардараны көңілді
Күйге бөлеп,
Сап түзепті еңбектің жаңа көші.
Даланың көріп күнде нұрлы аспанын,
Осында жүр менің сан құрдастарым.
Ақ күріш дариясын
Толқындатқан,
Бүгінгі сенің айтар
Бір басқа әнің.
Азба екен, маңдай тері жерге сіңген,
Келеміз ғой енші алып бермесіңнен.
Аякөздей аяулы қыздар да бар,
Ақ күріш айдынында
Тербетілген.
Әлі де берері мол бұл даланың,
Барыңды сен ұсындың, бұлдамадың.
Еңбектің мұнарасын — ел орнатты,
Орнынан жылжыта алмас
Жылдар — ағын.
Қандай жақсы дүрліккен дала қосы,
Есіңнен кетпестей боп
Қалады осы.
Шардараны көңілді күйге бөлеп,
Сап түзепті Еңбектің
Жаңа көші.
* * *
Алмайды адам жақсылықты сұранып,
Алмайды оны
Жекжаттықпен қалап та.
Жақсылықтан — таулар қалар құралып,
Жалғыз сөзден — бітер жанға қанат та.
Көргенім жоқ жақсылықтың өтеуін,
Кеткен қанша —
Жақсы іс істеп ел үшін.
Өмір бойы қарыздар боп өтемін,
Бір жақсылық созар болса қол ұшын.
Күншіл жаны —
Жақсылықтан кенде ме,
Жақсылықты сөзбен айтып тауыса ма.
Бәрі де аздық етер ме еді
Пендеге, бұл жақсылық —
Нөсер болып жауса да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос басында өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Қос басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері