Өлең, жыр, ақындар

Қос басында

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1404
Қандай жақсы, дүрліккен дала қосы,
Есіңнен кетпестей боп қалады осы.
Шардараны көңілді
Күйге бөлеп,
Сап түзепті еңбектің жаңа көші.
Даланың көріп күнде нұрлы аспанын,
Осында жүр менің сан құрдастарым.
Ақ күріш дариясын
Толқындатқан,
Бүгінгі сенің айтар
Бір басқа әнің.
Азба екен, маңдай тері жерге сіңген,
Келеміз ғой енші алып бермесіңнен.
Аякөздей аяулы қыздар да бар,
Ақ күріш айдынында
Тербетілген.
Әлі де берері мол бұл даланың,
Барыңды сен ұсындың, бұлдамадың.
Еңбектің мұнарасын — ел орнатты,
Орнынан жылжыта алмас
Жылдар — ағын.
Қандай жақсы дүрліккен дала қосы,
Есіңнен кетпестей боп
Қалады осы.
Шардараны көңілді күйге бөлеп,
Сап түзепті Еңбектің
Жаңа көші.
* * *
Алмайды адам жақсылықты сұранып,
Алмайды оны
Жекжаттықпен қалап та.
Жақсылықтан — таулар қалар құралып,
Жалғыз сөзден — бітер жанға қанат та.
Көргенім жоқ жақсылықтың өтеуін,
Кеткен қанша —
Жақсы іс істеп ел үшін.
Өмір бойы қарыздар боп өтемін,
Бір жақсылық созар болса қол ұшын.
Күншіл жаны —
Жақсылықтан кенде ме,
Жақсылықты сөзбен айтып тауыса ма.
Бәрі де аздық етер ме еді
Пендеге, бұл жақсылық —
Нөсер болып жауса да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шебер қыздар

  • 0
  • 0

Көз ілеспейді саусағына шебердің,
Алуан түрін көрсетеді ол өнердің...
Жұмысшының жанарындай арайлы,
Жалынға орап өтіп жатыр нелер күн.

Толық

Cарқырама қасында

  • 0
  • 0

Такаббар,
Талқы тауы көк тіреген!
Сол тауда қыран құстар кеп түлеген.
Еркесі сияқты еді,

Толық

Нева үстінде

  • 0
  • 0

Қайшы алысты шағалалар шарқ ұрып,
Нева лықсып, қарауытты жар тұнып.
Мойнын созып қарайды алыс Аврора,
Теңселемін сабырым сонша сарқылып.

Толық

Қарап көріңіз