Қайда сол бір
Бұл бетте «Қайда сол бір» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Қайда сол бір сен теретін,
Мен шашатын қызғалдақ,
Қайда сол бір дала әуені,
Айтылатын бізге арнап.
Қайда сол бір жарқын кездер
Ақ сағымдай жалт еткен,
Қайран күндер көзден таса
Е, дегенше бізді алдап.
Қайда сол бір көктемдегі
Ұя салған қарлығаш,
Қайда сол бір тынымсыз түн,
Қыз-жігіттер "қаңғыбас".
Қайда сол бір биік шынар
Жапырағы өрілген,
Пәк махаббат белгісіндей
Тұрса дейтін мәңгі жас.
Қайда сол бір серуендеп,
Біздер құрған серілік,
Өзімізді ұмытатын
Бар еркіне беріліп.
Қайда сол бір сәл нәрсеге
Қуанатын қызық шақ,
Өз-өзімнен бұйығамын
Үйден шықпай ерініп.
Қайда сол бір тентек сәттер,
Асау сезім аптыққан,
Жүруші едік бас айналып,
Бас айналып шаттықтан.
Аққу арман құлап жатыр
Қалжырап жол үстінде,
Әлде кімдер атты ма екен,
Жастықтан ба, мастықтан.
Қайда сол бір ғашық жандар,
Елеңдеткен қызық үн,
Тентек қайны жеңгесінің
Барымта еткен жүзігін.
Қайда сол бір сүйкімді жан,
Төгілетін ән болып,
Енді отырмын жалғай алмай
Сол бір әннің үзігін...
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі