Көз тігіп – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Көз тігіп» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2387
Елеңдеп сенің жолыңды күттім,
Қайтқанша ұзақ сапардан.
Өртеген жанды
Жалынды жұттым,
Тереңде тыншып жатар ма ән.
Көз тігіп келер күңдерге сонау,
Одан да кейде жұбаныш таптым.
Күндерде күткен —
Сағыныш мол–ау,
Бір үміт алда үзілмей жаттың.
Өртейді жалын,
Толқиды сағым,
Сезім — құйын,
Үйіріп шаңын.
Өтеді-ау осынау қызықты шағым,
Бұлт болып көшті сағыныштарым.
Бақыт қой, жаным,
Сағыну, аңсау,
Бәрі де демеу көңілге қамсау.
Тоғышардың тоқ жүрер көңілі,
Қашан да көрсең,
Бас аман, мал сау
Елеңдеп сенің жолыңды күттім,
Қайтқанша ұзақ сапардан.
Құпиясы мол сағынышты ұқтым,
Қалмай да жүрсең қатардан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері