Мұңданба – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Мұңданба» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2331
Айтшы ақыным,не ұтасың,
Сағың сонша сынғанда.
Жұртың сыйлар барда атың,
Жабырқама,
Мұңданба.
Айтшы, ақыным, не ұғасың,
Сағың сонша сынғанда.
Қарашы анау, қар жамылған,
Қайсар,
қарлы,
шыңдарға.
Айтшы, ақыным,не ұтасың,
Сағың сонша сынғанда.
Бұлттың жасын құрғататын.
Күш бар,
Бұйра құмдарда.
Бекерге сен қамығасың,
Кеудеңде асау сыр барда.
Өмір жүгін көтермесең,
Төзе алмассың
Сындарға.
Қарашы анау, гүлі өртең,
Жайсаң,
Жасыл шындарға.
Күлкінің де қадірі мол,
Жүрегіңде мұң барда...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері