Белсенділерге
Бұл бетте «Белсенділерге» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Заман-ақыр болған жоқ,
Жамбыл сөзден қалған жоқ,
Ел жайлаудан көшкен жоқ,
Көктен жасын түскен жоқ,
Сендер шетке қағатын
Жамбыл атым өшкен жоқ!..
Мен баяғы Жамбылмын
Әлі сезге даңғылмын.
Қыртыстарың сүймейтін
Мен сендерге не қылдым.
Қайсыныңның үйіңе
Қайыр тілеп қаңғырдым?!
Жаным барда кеудемде
Сендерден кем, болмаймын
Дүрілдетіп жер-жерде
Өлең-жырды толғаймын,
Домбыраға қол соғып,
Иығымды қомдаймын.
Тек кездесіп қалмаңдар,
Ыңғайына сондайдың!
оте кушты болган негзыыыы
Өте керемет!
Біздіқ ақындардың өлеңіне не жетеді ештенке жете алмас
Керемет. Өлең
Керемет өлең. екен. Өте. күшті
Жамбыл Жабаев Белсенділерге!
Жамбыл жабаевтың өлеңдері дым қиын емес
Өте күшті екен, кейбір шұмақтары әсерлі
Жамбылдың «Белсенділерге» өлеңі ойландырады.