Өлең, жыр, ақындар

Одақтас

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 1
  • 33480
Он жетіге жас толып,
Басына шаттық бақ қонып,
Елім жігіт болғанда;
Ақыл, күші ер жетіп,
Көңілінен шер кетіп,
Айдай балқып тұрғанда,
Домбырасын қолға алып,
Жыр ағызып толғанып,
Жырдан жаңбыр жауғызсын
Елдің қарты Жамбыл да.
Одақтас боп бөліндік,
Отау тіктік енші алып,
Өз алдына үй болып,
Күншығыстан жай салып;
Сегіз қанат үй берді.
Бір жүз алпыс бау салып.
Босағасы алтыннан,
Шаңырағы күмістен,
Белдеулері жібектен,
Уықтары келіскен.
Отау сондай түрленген,
Бөленгендей гүлдермен,
Ол гүлдену дегенім —
Техника мен безенген;
Аумай, талмай көшіміз,
Жайнап тағы өсеміз,
Асуменен асқардай,
Алда талай кезеңнен.
Біз өсеміз, жайнаймыз,
Біз шаттық деп, сайраймыз,
Өйткені, көш басшымыз.
Ақылы теңіз тереңнен.
Көшіп қонған жеріміз
Қызғалдақ боп гүлденген,
Көш басшымыз біздерді -
Басқа елдермен бірдей ғып,
Право беріп теңеген.
Елімді менің көркейтіп,
Жылдан-жылға есейтіп,
Қуаныштан қамқа қып,
Шаттыққа дәйім бөлеген.
Ол көш басшым — Сталин!
Сүйед те ауыл, қыстағын,
Дария ақылды, дауылпаз,
Өмірді терең көреген.


Пікірлер (1)

Е.Нұрсезім

өлен тіптен керемет.Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Одақтас өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Одақтас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Одақтас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Одақтас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері