Балаларға
Бұл бетте «Балаларға» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған
Қуанып жастығына сендей ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су—
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Сталин — асқан дана, бабаларың,
Болмайды одан жақын аналарың.
Жайнатқан нұрын төгіп жүрегінің
Барлық ұлт, барлық тұқым балаларын.
Дүниеде барлық жаннан мейірімді ол,
Адамға бахытты өмір көрсеткен жол:
Ойыншық, мынау кітап, қағаздарды
Сендерге әдейі арнап жіберген сол.
Сталин — биік шынар бір бәйтерек,
Тамаша бойы әлемнен асқан ерек,
Гауһардай нұрын құйған сабағымен
Сендерді саясына алған бөлеп.
Күледі сендер күлсең ол да бірге,
Оқы дейд, білім алып, босқа жүрме!
Оқысаң өмір. кілті өз қолыңда
Жайнайды өмір ұқсап бейне гүлге,
Ардақтап есіңе ұста әр пионер!
Сталин — ардақты атаң, шын кемеңгер,
Данасы адамзаттың ақылгөйі
Атасы бар ұланның Сталин ер!
Жаксы олендери маган унады
Керемет олен екен маган унады
Магынасы терен
Маган Жамбыл атамыздын олендери катты унайды.Себеби керемет, жазган ☺
Мағанда Жамбыл атаның өлеңдері ұнайды мен оның бүкіл өлеңін білемін Жамбыл аьа мені есті тұрған шығар мен Жамбыл атаныңауылында тұрамын
Маған да ұнайды Жамбыл жабаевтың бауыры менің атам
Керемет екен мен тамсана оқыдым ♡♡♕❥♕♕♕
Зор
Екен
Маған ұнады
21 орта мектеп
Зор
₱¢¥
*100*1# мына мен мегабайт алады.
Жаңа жыл құтты болсын бауырлар.
Өте керемет!
Өте керемет
Мен жаттадым қалжың өлеңін
Əкеме
керемет өлеңдер
Өтте керемет
Күшті маған ұнады
Әдемі
Күшті маған ұнады❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Балалар аманбысың шырақтарым өлеңі керемет екен
«Балаларға» — Жамбыл Жабаевтың өлеңі:
Бұл өлеңде поэзия арқылы балаларға деген жылы тілек пен махаббат сезімі әдемі жеткізілген.
Бұл өлең — балаларға арналаған шынайы поэтикалық тілек. Ақын Балаларды жарық әлемнің қуанышы, болашақтың үміті ретінде бейнелейді, олармен амандасып, жан‑жақты өсуін, қуаныш пен қуатты сезінуін тілейді.
Өлеңде Жамбыл Жабаев жастарды мақтап, олардың әлемге деген ықыласы мен болашаққа деген үмітін атап көрсетеді, бұл жолдар оқырманға адамгершілік пен үлкендердің кіші‑жастарға деген мейірімділігін ойландырады.
Қорыта айтқанда, бұл туынды балаларға бағытталған жүрекке жылы тиетін жыр, болашақ ұрпаққа деген сенімділік пен қамқорлықты көрсетеді, әрі өлеңнің тілі жеңіл, әрі тәрбиелік маңызы зор.