Өлең, жыр, ақындар

Испандық туысқандарға

  • 19.08.2018
  • 0
  • 3
  • 8977
Кең даласы қазақтың
Құлпырады гүл жайнап,
Өзбекстан бір елім
Гүлстандай — алма бақ.
Тәжікстан түлеген
Желі жібек — күн шуақ.
Қайта туған бәрінде
Қажырлы берік халқым шат.
Сталиннің жазында
Жадыраған жан рахат.
Сол ортада отырып,
Салсам көзді шамалап,
Испан елін көремін,
Қайнаған бойы күш, қайрат.
Алпарысқан жауына,
Жіберіп жатыр оқ қадап.
Құйылып жатыр майданға.
Батыр жігіт, жүйрік ат.
Туысқан бауыр батыр ел
Соғысты біз де көргенбіз.
Отанды жаудан тазартып,
Күн-түн қатып желгенбіз.
Ақыры күшті асырып,
Қандатып жауды жеңгенбіз.
Желкесін қыйып жебірдің
Сазасын сүйтіп бергенбіз.
Жеңіспенен, табыспен
Балқыта сүйтіп келгенбіз.
Туысқан, бауыр батыр ед,
Сал күшіңді аянба!
Әлі келмес аттының
Біріккен берік жаяуға.
Көріп отыр Жамбылың
Жеңісің жақын, таяуда.
Қысың кетіп, жаз келіп,
Көгергелі тұр жерің,
Азап кетіп, бақ келіп,
Гүлденгелі тур елің.
Биікке қада, қызыл ту,
Сол ту болар тірегің.
Жеңбей қару тастама,
Тізгінді бермей басқаға,
Қазақстан атынан —
Арнап сәлем жазғанда,
Сіздерден осы тілегім!



Пікірлер (3)

Ділдә

2. Шұмбақ. Болу керек

Лаура

Жамбыл Жабаевтың «Испандық туысқандарға» атты поэтикалық туындысы достық пен бауырластық сезімін ерекше поэтикалық тілмен жеткізген әсерлі шығарма. Ақын Қазақстан мен туысқан елдер арасындағы тарихи, рухани байланыс туралы айта отырып, қазақ халқының майдандағы ерлігі мен батырлығын, жауға қарсы күрестегі табыстарын тебірене суреттейді. Осы поэмада Жамбыл сөз арқылы беріктіктің, батылдықтың, ынтымақ пен достықтың маңызын жеткізеді, шытырман майдан мен жеңіс үмітін поэтикалық суретпен мөлдірлеместен білдіреді.

Мадина

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Егіс жыры

  • 0
  • 1

Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық,
Жарыспен еңбек жазын біз қарсы алдық.
Қыртысын қара жердің қарыс айырып,
Қажымай жер қазынасы қабын жардық.

Толық

Клим батыр

  • 0
  • 1

Қылышынан қан тамған,
Найзасынан зәр тамған,
Іргелес елді жылатқан,
Ордасын, туын құлатқан:

Толық

Жамбылдың халық үшін қалған жасы

  • 0
  • 0

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Толық