Ұсынамын – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Ұсынамын» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.08.2018
  • 0
  • 1
  • 9503
Дегенде Ұлы Совет, жыр ұсындым,
Жыр емес, — жарқыраған нұр ұсындым,
Халқымның қан таратқан жүрегіндей,
Ардақты Сталиндей ұл ұсындым.
Ұлымның үзеңгілес жан жолдасы,
Бағалы гәуһарындай, ел ағасы —
Ұсынам Молотовтай мерейімді,
Ісіне елдің ауған ықыласы.
Жас ұлым, шыңнан ұшқан түлегімдей,
Талантты таза ұлым, — жүрегімдей,
Ұлттардың Советіне Нұрбапамды
Ұсынам, сүйгенімнің біреуіндей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Акмарал

^⁠_⁠^

Осы автордың басқа өлеңдері