Өлең, жыр, ақындар

Сәлем бүкіл халықтан

  • 19.08.2018
  • 0
  • 1
  • 12698
Көңіл көкке шарықтап,
Қуанбасқа немене,
Құйғандай қуат сергідім
Тоқсандағы денеме.
Сақшы ерлердің, салтанат
Тойында жырым жебеле,
Жыр қырманын төбеле,
Үлестір жұртқа себеле,
Қуанышқа жырыңды айт,
Ерді айтпасаң жырыңның
Ажары сірә келе ме!
Олай болса, ой тербеп,
Жорғаласын тіл Жамбыл,
Жел жетпес жүйрік домбыраң
Бұрауын келтір жыр Жамбыл.
Сандуғашы советтің,
Қастерлеп баққан ел—Жамбыл.
Бала ойнағы төбе едің, —
Төменнен төмен сен едің,
Күн астынан көрінген
Болдың бүгін шың Жамбыл.
Ойласаң Жамбыл соны ойлан,
Тоқсаннан асып тыңайған,
Қайраты тоқсан бұл Жамбыл.
Бұлақтың көзін іздесең,
Ырыс берген кім десең,
Түбі терең тұңғиық,
Төгілмес неге сыр Жамбыл:
Тоғыз ақын қоршалап
Отырса Жамбыл төрінде.
Тұлпарын мініп тоғылып,
Өкімет келсе көруге.
Тоқсан бірде қол жетсе
Ойға түспес өмірге.
Шыйрыққан жібек шешіліп,
Жазылған жүйрік көсіліп
Ағызатын күн болды,
Арыңды жырды менің де.
Айтып тілім жетпейтін,
Асқардай басып өтпейтін,
Қастерлі қалың қасиет
Толып жатыр елімде.
Ұйтқы соған Сталин,
Сталиннің шәкірті
Фрунзе, Клим, Чапаев,
Айбындасқан арыстан,
Шабаққа шапқан наһандай,
Тереңде жауын қағысқан,
Елдің шетін ақ талап,
Алаш-орда қан жалап,
Хан, патша езген халықты
Тағы ұстауға ноқталап,
Арпалысқан кезінде,
Ерлерім жауға шабысқан.
Жалынды туы желбіреп,
Қорғауға елін шығысқан.
Қызыләскер ұлыма,
Оның жыйырма жылына,
Ворошилов батырға,
Жас өспірім баладан,
Ата менен анадан,
Колхозды халқым даладан,
Жырмен сәлем ақыннан,
Сәлем бүкіл халықтан!
Ұлымды ер ғып өсірген,
Ленин менен Сталин —
Жасасын қос данышпан!



Пікірлер (1)

Марико

«Сәлем бүкіл халықтан» атты өлең — Жамбыл Жабаевтың жүрекжарды поэтикалық сәлемі мен халыққа арналған үндеуі. Ақын бұл шығармада елдің бірлігі, батырлардың ерлігі және қалың халықтың тарихи рухы туралы тебірене жырлайды. Әрбір жол — халқымыздың өткеніне деген құрмет, бүгінге деген сенім және болашаққа деген үмітке толы.

Пікір қалдырыңыз

Отанды сүй

  • 0
  • 2

Балқытып бақыт ұйып елге, жерге,
Жасарған мен Жамбылмын елмен бірге.
Келді дос, сүйсіндірді көңілім хош,
Махаббат, қою достық қалың елде.

Толық

Үлкен МХАТ-қа

  • 0
  • 0

Ел өссе жер үстінде, мендей өссін,
Сталин бақшасында гүлдей өссін,
Өрістеп ұлы ұяда, қыз қияда,
Мұхиттай суы шалқып, желдей өссін.

Толық

Өнердің өсуі

  • 0
  • 3

Нeге шықсын домбыра
Жаңадан шек тақпаса,
Таққанынан не пайда,
Бабыменен қақпаса,

Толық

Қарап көріңіз