Жоғалт көзін

Бұл бетте «Жоғалт көзін» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.08.2018
  • 0
  • 0
  • 7918
Бақытты халық, сөз тыңда!
Бақасқан жау әлі көп,
Түнге үйренген жарқанат,
Күннің оған сәні жоқ.
Қорегі нәжіс құзғынға
Адал астың дәмі жоқ.
Улы тілді жыланға
Жан жақпайды зәрі жоқ.
Адамнан күтпе жақсылық —
Елге жылы қаны жоқ.
Ұяты жоқ, ары жоқ,
Жан қадірін білер ме
Денесінде жаны жоқ,
Жаны жоқ дене сасыса,
Жұқпалы індет еліңе,
Көмгеннен басқа емі жоқ.
Күнге не деп көрінер,
Күн сүймейтін қара бет,
Итке оны теңесең,
Ит жеркенер, — жала деп,
Жыланға оны теңесең,
Демес пе еді әрі әкет.
Ұқшасы жоқ әлемде
Бұл не деген пәлекет!
Әлем көркі асылды
Жоюға еткен әрекет.
Адамдықты білмейтін
Әлпеті жаман бір індет.
Куйбышевтей көсемді,
Горький сынды шешенді —
Әлем сүйген керемет,
Шам-шырақты өшіріп,
Өміріне қол сұғып,
Жүргендерден не үміт!
Мен тілеймін қалың ел,
Ел өкілі мен Жамбыл,
Жоғалт көзін ылаңның,
Қойма жерде, бір минут!
Өскен елдің ұлдары,
Бақытты елдің қамқоры,
Сталиндей дана бол,
Қалтыратқан қас жауын,
Климдей елге пана бол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғалт көзін өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Жоғалт көзін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоғалт көзін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоғалт көзін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері