Жанға батып жауабы жоқ сұрақ тым

Бұл бетте «Жанға батып жауабы жоқ сұрақ тым» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жанға батып жауабы жоқ сұрақ тым,
Мен несіне сені шексіз ұнаттым?
Қалай жылдам өзгергенсің, шуақтым,
Түсінбедім, маған нендей кінә арттың?
Мен бойжеткен, сен де емессің бозбала,
Жалған айтып жалтармашы көзді ала.
Өзге біреу өзегіңді өртесе,
Бірден ұғам, онда әңгіме қозғама.
Селт етпейсің, сергелдеңге салдың да,
(Төтеп беріп келген ем ғой бар мұңға).
Менің сені тергеуге алар қақым жоқ,
Жауап бер тек сезіміімнің алдында.
Бір себебі болу керек әр жайдың,
Енді несін өзімді өзім алдаймын.
SMS хат жазып енді мазалап,
Бейуақта телефон да шалмаймын.
Айтылмаған қалды талай менде сыр,
Ендігі оным жырға айналды көл-көсір.
Нөміріңді мен де өшірем, сен де өшір.
Көңілімнен мен де өшірем, сен де өшір.
Сен қажетсіз көрген шуақ арайлы,
Жұдырықтай жүрегімнен тарайды.
Көште қалған Көксеректей қыңсылап,
Соқыр сезім жан жарамды жалайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанға батып жауабы жоқ сұрақ тым өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Жанға батып жауабы жоқ сұрақ тым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанға батып жауабы жоқ сұрақ тым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанға батып жауабы жоқ сұрақ тым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері