Өлең, жыр, ақындар

Мұғалімдерге сәлем

  • 21.08.2018
  • 0
  • 3
  • 26302
Кәрі, жасын елімнің,
Тұнығына білімнің
Жүздірген тау бұлақтай,
Таңдауындай тарихтың,
Көзін ашып халықтың
Түнде жанған шырақтай, —
Оқытушы мұғалім
Білімі елге мағұлым,
Оқытып ел баласын.
Ашып көңіл санасын,
Оқымысты жастарды
Өсірді сүйрік құрақтай.
Гүлім бар ма ед жерімде,
Білім бар ма ед жерімде,
Октябрьден жарқырап
Туғаныңша таң атпай.
Октябрь күні туғалы,
Болатпен белді буғалы —
Сталиннің нұрымен
Халқым бақыт құшақтап
Жерім болды жанаттай.
Оқытушы мұғалім,
Сендерді өмір нұрлады,
Сені алтын таң аялап,
Еңбегіңді бағалап,
Үкімет — ұлы штабың,
Қадірлеп ұлы Сталин
Орден тағып сыйлады.
Біздің елдей ел бар ма,
Мұғалімді сыйлаған,
Жан бар ма, сірә, басқа елде
Еңбегі біздей сыйланған.
Ғасырлардың ардақты
Ғасыры бізде жүлде алған.
Басқарушы большевик
Партиясы нұр жанған,
Тоқсаннан асқан жасымда
Сталиннен нұр алған,
Отан үшін сондықтан
Жамбылдың жыры жырланған.



Пікірлер (3)

Аяулым Мадамиханова

қанша куплет бары жазылмаған

Мадияр Алпамыс

бұл нешінші жылы шығарылған екен
көркем сөзге жата ме екен
қазір 2026 болса неше жыл болды шыққанына

Марат

Жамбыл ақынның «Мұғалімдерге сәлем» өлеңі жүректі жылытады екен!

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс пен шаттық

  • 0
  • 1

Жеңіс пен шаттық сенің атыңды атап,
Тойыңа осы өлеңді тартады қарт,
Жырымның өр дауысты қыранысың,
Мен де шат, мендей және халқым да шат!

Толық

Ленин мавзолейінде

  • 0
  • 1

Күнсіздерге күн болған,
Жер жүзіне нұр болған,
Ақылдың кені данышпан;
Езілгенге қол берген,

Толық

Шәкірт балаларға

  • 0
  • 6

Балдыраған балғын балалар,
Мойнына қызыл байлаған»
Майысып сұлу мәуесі
Түрлерің гүлдей жайнаған.

Толық

Басқа да жазбалар