Бұл бетте «Иісті майға» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
21.08.2018
0
0
5167
Иісің жақсы нәрсесің жас адамға,
Жараспайсың тоқсанды жасағанға.
Жас күнімде жанымнан шықпайтындар...
Бәрі де ұқсап кетті ғой қашағанға.
Жабағыны жапсырып иегіме
Жүргеніме, өзім де күлемін де.
Короліндей картаның қаужиыппын,
Қанша жылу болғанмен жүрегімде.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі