Асау үйреткен жігіттерге – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Асау үйреткен жігіттерге» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 7359
Асау тайға мінушек,
Ауыл кезіп жүрушек,
Аттанушек «бозбала»,
Атағымыз сол ғана...
Неге екенін кім білсін?
Жүруші едік жұмыс жоқ,
Құр әйтеуір көңіл тоқ...
Секілді едік буыршын,
Өмірді бос өткізіп,
Жұртқа сүйкім кеткізіп,
Жүрдік пе екен қыз үшін!..
Тек осыны ойлаңдар,
Сендер ондай болмаңдар,
Қылжақбастық құрысын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері