Өлең, жыр, ақындар

Кеңес гвардеецтеріне

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2941
Тіл ұшында бір сөз бар,
Жалындана жайнаған,
Құлаққа сол сөз тигенде,
Серпіліп бүкіл денеңде,
Қанық да қызып қайнаған;
Жарың да қызық сайраған
Сол сөз жетсе көкті өрлеп,
Жүрегіңді күш кернеп,
Жаның сергіп самғаған.
Сол асыл сөз — тоқсан күн, —
Төбесінен дұшпанның
Жай оғындай ойнаған!
Құрсанғандай күш-қуат,
«Гвардия» — деген ат
Беріліпті ерлерге
Қан майданда таймаған.
Атақты талай аттарда,—
Мұнан күшті ат бар ма?
Жауынгерлік жүрекке
Бұл аттан тәтті зат бар ма?
Ұлы даңқы бұл аттың
Жердің жүзін шарлаған.
Гвардия, — майданда
Ұлы Отанды сақтауда,
Ұлы сыйлық алғанда, —
Біздің жақын жараннан
Кімнің мейрі қанбаған!
Полктың күші құрыстап,
Қолына қызыл ту ұстап,
Тайғақ кешу, тар жолда,
Көрсетіп ерлік майданда,
Сыйлық алып, сапталып
Қуатты ер қаптай қаулаған.
Мұқалғанын жаулардың
Естіп, қанып аңғардым
Қазып жатыр жауға көр
Жеті қабат көк пен жер,
Тасыған су да арнадан.
Батырлар бел буына,
Шығыпты жеңіс шыңына.
Айбатты күшпен андаған,
Жаңбырдай оғын боратып,
Ерлерім жауды қыйратып,
Қан майданда қаруын
Дұшпанға сілтеп қандаған.
Майданнан келген қуаныш бар
Бар денемді билеген;
Шаттандым мен де шарықтап
Ер туғызған елменен.
Қару алып қолына,
Гвардия тобына,
Сегізінші жасақ боп,
Қосылып ерлік көрсеткен,
Немерем мен шөберем,
Өркендеп өрге өрлеген,
Батырларға ұласқан
Аттанарда қол қысқан;
Сөзімді кәрі Жамбылдың,
Есіңде шығар бар ұлдың
Ерлігін жырмен тербеген.
Қазақстан ұлдары,
Желбіреп қолда тулары,
Ақ алмастай жарқылдап
Жеңгенін жауды алқымдап
Көрдім тағы, көрген ем.
Жауынгерлік жүрекпен,
Майданда күшті білекпен,
Ажалды жеңген арменен,
Өмір берген нұрменен,
Жігерлен, жайна жігіттер,
Қарулы құлаш сермеген!
Денені құрыш шыйратып,
Фашист тобын қыйратып,
Жау жүрегін ұшыра,
Жаудың құтын қашыра
Бастырма қадам көлденең,
Сталин көсем бастаған
Ерлерім шыйрай бас қадам!
Гвардия ұласып,
Ұмтыла түс, жол ашық!
Қайнаған қан мен бойдағы
Күшіңді бұрқант кернеген!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйінбайға

  • 0
  • 7

Сүйеке, сүйенішім, өнерпазым,
Әйгілі ақылгөйі желді сөздің.
Әкежан, сен де тіле, бата берсін,
Балаңа өлең қонып, атақ ерсін!

Толық

Шынықтырды болаттай

  • 0
  • 0

Ал, Жамбылың сөйлесін,
Домбырасын қолына ап,
Безенте қақсын пернесін,
Аршындап құлаш сермесін,

Толық

Патша әмірі тарылды

  • 0
  • 10

Қызығыңды көп көрдім,
Қарабастау, Құлансаз*.
Күндерімді өткердім,
Сенде жүріп ұзақ жаз.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер