Қалжың – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Қалжың» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 8225
Егіншінің атындай
Байлап арпа, сұлысын;
Мұнша бағып баптауды
Жақтырмайды тым ішім...
Қазылырақ тартқанға
Қысылыңқы тынысым.
Ақпан менен қаңтарда
Соғым шүйгін болсын деп,
Ырым eтіп күл сеуіп
Соямысың кім білсін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері