Бұл бетте «Сауыншы жеңгейдің әні» атты Ілияс Есенберлин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сауыншымын әйгілі бұл ауылда
Төл өсірген қақтырмай қар, жауынға.
Сиыр сауып қатардан озып шығып,
Дайын тұрмын көрмеге мен баруға.
Қайырмасы:
Малға елім бай,
Қалың көкорай,
Жасыл шалғын
Тамаша құлпырған,
Кең өріске жерім сай!
Құлпырған, кең өріске
Жерім сай.
Дара шыққан талай дос - замандастан
Жақсың бар ма дәл бүгін менен асқан?
Бір көруге құмартып бұл жеңгейді
Мен естимін, жігіттер бар - таласқан.
Қайырмасы:
Малға елім бай,
Қалын, көкорай,
Жасыл шалғын
Тамаша құлпырған,
Тыңда көрген осы қыз —
Тракторшы әйгілі.
Миллиардтан биыл күз
Алмақ озып бәйгені.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі