Бұл бетте «Ақ қайың» атты Ілияс Есенберлин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ектім мен ұлыма арнап тал шыбықты,
Елемей күзгі суық ызғырықты,
Еккенде ұлыма арнап тал шыбықты,
Дедім мен ақ қайыңдай өссін мықты.
Қайырмасы:
Ақ қайың - ау, ақ қайың,
Мәпелейін, баптайын.
Ұлым сендей құлпырсын,
Маңдайынан қақпайын.
Күн сүйіп, жаңбыр құшып жазға салым,
Ақ қайың төкті жасыл жапырағын...
Жайқалды жас қайыңдай ұлым - дағы
Октябрь шашып алтын күн шапағын...
Қайырмасы:
Ақ қайың - ау, ақ қайың,
Мәпелейін, баптайын.
Ұлым сендей құлпырсын,
Маңдайынан қақпайын.
Қос қайың күннен-күнге құлпырады,
Жүрекке керген сайын жыр туады,
Тілеймін солар үшін сөнбесін деп,
Көкте күн, жерде Октябрь күн шуағы.
Айару
Өте керемет мәнді мағыналы екен
Інжу♡
Өте мағыналы керемет ән екен
Айлин
Өте күшті мағыналы