Халық – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Халық» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3404
"Жасаған, әуелі халықты аман сақта,
халық ішінде қалқайтып бізді аман сақта".
(Әжемнің ұйықтар алдындағы дұғасынан)
Өз Отанын келетін танытқысы,
Халықта көп кеудесі жарық кісі.
Халық даусы қашанда айбынды, асқақ,
Қай кезде де қаһарлы халық күші.
Халық күші қашан да десең де ерек,
Лайықты бір перзент өсер бөлек.
Қанша күшті, қанша ұлы болса дағы,
Әр халыққа кемеңгер көсем керек!
Халқын ақын жырлауға хақылы деп,
Білем,
Оның ойы көп, ақылы көп.
Таңдамалы аз топқа алдарқанбай,
Қалсам дедім халқымның ақыны боп.
Қуаныш аз — жолымда кезікпеген,
Кеудемдегі жырымды ең нәзік деген
Арнаған соң —
Біртұтас байтағымнан
Бүкіл елдің құрметін сезіп келем.
Ортасында болуға жалықпап ем,
Жалғыз қалсам — жан орта, шабыт та кем.
Қандай қызмет жасадым, хан көтеріп
Маған сонша дем берген халыққа мен?
Мейіріміне қалай мен тоя аламын,
Сол емес пе аяулым, сая бағым.
Халқым аман болсын деп көзімді іліп,
Халқым аман болсын деп оянамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Халық өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Халық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Халық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Халық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері