Елес жайлы естелік

Бұл бетте «Елес жайлы естелік» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 9
  • 16302
Төрағасы жайғасты төрге барып,
Бос орын жоқ.
Зал іші көмбе-халық.
Әуезовті бір шешен мақтап жатыр,
Аракүдік тамағын кенеп алып...
Бір бұрышқа отырдым мен де барып.
Жұрт мақтауда.
Мақтаусыз сөз болмады.
Нелер шешен тайпалтты-ау сөз жорғаны.
Ақ шырағдан астында - төрағасы,
Төрағасы - Әуезов, қозғалмады...
Еңбегімен, есімен бақты жанған -
Айналасы Мұхаңның ақ шырағдан.
...Төрағаның аузына қарайды жұрт,
Қалт жібермей айтқанын қақшып алмақ.
Құттықтаулар, мақтаулар тынды-дағы,
Залдың іші бір сәтке тұнжырады...
Төрағасы сатылап сөйлеп кетті,
Сәл ырғалып орнынан тұрды-дағы.
Есімде жоқ. Мұхаңның не дегені,
(Жаңылып, жалған айтып не керегі.)
...Алдымда «Абайдағы» Абай тұрды
Әуезов жасап берген кемедегі...
Әрі қарай өкетті елес мені,
Шырақ сөнді...
Белгісіз неге өшкені?!
(Мұхаң маған алыстан елестеді...)
Сұрағым...
Сұрағым бар емес пе еді?
Шырақ қайда?!
Жаңағы жарық қайда!?
Кимелеп ұмтылады халың қайда?!
Шынымен Әуезовке маңытпай ма?!
Мына ағын бара жатыр алып қайда?!..
(Қалқиып, қарауылдап тұрамын ба?)
Мен-дағы қарсы жүздім бұл ағынға.
Толқыннан кеудемді алып,
Айғай салдым:
- О, Мұха!
Сұрағым бар! Сұрағым бар!..
Алыстан айғайлап мен қоймағасын,
Аялдап, андап, шолып айналасын.
Ағынмен арпалысқан мені көріп:
- Айт,- деді - сұрағыңды,
Қай баласың?..
Сұрақ та, жауап та мен қайтармадым,
Тымқұрса атымды да айта алмадым...


Пікірлер (9)

нұрғалиева жібек

маган өте катты ұнады

Назерке

Қазір мен 3 курс оқимын, осы өлеңді мен 9 сыныпта мәнерлеп оқып беріп Мұқағали апталыңында 1-ші орын алғанмын????

Мерей

Өте қатты ұнады бұл өлен , мен осы өлен арқылы жарысқа қатысқалы жатырмын????

Садраддин

Ия менде келісемін бұл өлен күшті

қарақат

керемет мақал екен ????????

Балаша Көркем

Абайдың өмірі жайлы деректер

Балаша Көркем

Абай Құнанбаевтың өлеңдері

Аяжан

фууууууу

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елес жайлы естелік өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Елес жайлы естелік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елес жайлы естелік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елес жайлы естелік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері