Құм суреті – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Құм суреті» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2326
Қиыр-қиыр, қиыр құм,
Сұр жыландай иір құм.
Қадау-қадау сексеуіл,
Буын-буын бұйырғын.
Қиыр-қиыр, қиыр құм,
Қиыры жоқ шиыр құм.
Қабат-қабат, қабат құм,
Қатпарыңдай миымның!
Төбе-төбе, тәбе құм,
Кеп жасаған көне құм.
Өзіңе ұқсап жанам да,
Өзіңе ұқсап сөнемін!
Көше-көше, көше құм,
Қалтарысы неше мың...
Өзіңе ұқсап қонам да,
Өзіңе ұқсап көшемін!
Таңдай-таңдай, таңдай құм,
Сызығындай маңдайдың.
Өзіңе ұқсап мен-дағы
Ай нұрына қанбаймын,
Күн нұрына қанбаймын!
Жапан түзде көлбеген
Жатқан нардай көлденең,
Аптабында шілденің
Мен де өзіндей шөлдегем.
Махаббатқа шөлдегем,
Шапағатқа шөлдегем,
Адамдыққа шөлдегем,
Адалдыққа шөлдегем,
Шөлдегем, мен шөлдегем,
Қиыр-қиыр, қиыр құм!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құм суреті өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Құм суреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құм суреті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құм суреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері