Гүлбахор – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Гүлбахор» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1660
Жаны нәзік,
Үлбірек мақтасындай,
Сазы нәзік
Айтатын жатқа тынбай,
Үні нәзік
Сайрампаз бұлбұлыңдай,
Қағып көрші жүректің қақпасын жай.
Қара шашы төгілген жібектейін,
Жанарына тұндырған Нурек көлін.
Ақша жүзі алаулап нұрланғанда
Тарқатады талайдың жүрек шерін.
Қияқ қасты,
Айқасқан қалың кірпік
Жібермей ме жігіттің жанын жылытып,
Сұлулығын әсемдеп сыңғыр күлкі,
Салтанатқа тұрғандай малындыртып.
Бар мінезі бойына жарасымды,
Еркелігі есті алған бала сынды.
Шын періште – Фарсының сол сұлуы
Тал бойына тоғытқан бар асылды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлбахор өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Гүлбахор өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлбахор өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлбахор өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері