Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар

Бұл бетте «Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1325
Гиссар түні,
Гиссар түні —
Ән түні,
Жан балқытты бұлбұлдардың бал тілі.
Әнге айналып,
Күйге айналып кеткендей
Аспандағы ай,
Жұлдыздардың жарқылы.
Тәжіктердің атар таңын қарсы алып,
Шынарлар да тұр ма дерсің ән салып.
Мәжнүнтал да билегендей дөңгелеп,
Мынау түннің құдіретіне тамсанып.
Кезім ғой бұл жүрегімнен жыр жазар,
Думандатып жатыр мынау түн базар.
Кезектесіп жыр төгеді маңайға,
Екі шайыр —
Ақнозар мен
Гүлнозар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері