Бұл бетте «Тауларға қарап» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жапырақтан таққан сырғасын,
Шалғайдан көрдім шың басын.
Тауларға асқақ ұн қатам,
Тағат қып бір сәт тыңдасын!
Бітпейтін егес,
Дау үдеп,
Бүйірден тисе жауы кеп,
Сабырлық сақтап,
Сәт күткен,
Ел екенбіз біз тауы көп!
Тауларда сая,
Тыныс бар,
Тауларда жатыр күміс қар.
Аршаның иісін аңқытып,
Тауларым бойын тік ұстар!
Тұрады таулар сүйіп көк,
Тауларда сұлу киік көп.
Ұлылық та бұл тауларға
Тұрады екен сыйып тек.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі