Жазғырма мені, жан-аға

Бұл бетте «Жазғырма мені, жан-аға» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 5
  • 31370
Жазғырма мені, жан-аға,
Жаманға мені балама.
Жалғыз түп емен көріп пе ең,
Жабырқап тұрған далада?
Емен деп мені бағала.
Еменде жапырақ-жүректер,
Үй етсе самал дір еткен.
Осынау елсіз жапанға,
Жападан-жалғыз кім еккен?
Далада дауыл болғанда,
Сая жоқ жанын қорғауға.
Ұшайын десе қанат жоқ,
Қорғанға - алыс орманға.
Жазғырма мені, жаи-аға,
Жаманға мүлде балама.
Бұлаққа барсаң, жалғыз түп,
Талшыбық тұрар жағада.
Шыбық деп мені бағала.
Кеткенше қиып әлдекім.
Емен де, мейлің, тал дегін.
Әзірге менің бар демім,
Осындай, аға, халдемін...


Пікірлер (5)

а

Кушті

Жан əпке

Туралы əн

Айым

Қорқынаштар шығармандар

Айкөркем

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғырма мені, жан-аға өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Жазғырма мені, жан-аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғырма мені, жан-аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғырма мені, жан-аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері