Шекарашы
Бұл бетте «Шекарашы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қауіптен сақтандырып ел-ананы,
Күзетіп сен келесің шекараны.
Өзіндей қырағы ерлер тұрған шақта
Еркіндеп табиғат та дем алады.
Көтеріп жүргеннен соң заман жүгін,
Көңілде болған шығар алаң күнің.
Дүбірі басылмаған жер шарының
Тілейсің бүтіндігін,
Амандығын.
Жатса да тұтас тауды сызық бөлігі,
Мен оған қарамаймын қызық көріп.
Тыныстап бір қиырда қыран отыр,
Аспанды шекарасыз жүзіп келіп!..
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі