Өлең, жыр, ақындар

Таңырқама ақ шашыма

  • 04.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2484
Таңырқама,
Ақ шашыма қарама,
Бәрібір мен боямаймын қараға.
Тау басында жатқан қардай қысы-жаз
Күміс қырау жараспай ма анаға!
Отырғаның жарасымды жанымда,
Соның өзі орамай ма жалынға.
Ақ талдардың әрқайсысы алуан сыр —
Қуанышым,
Күлкім,
Шерткен зарым да.
Анашымды жасырғанда тас қабір,
Жиырмада түскен қырау шашқа бұл...
Содан бері өтті жылдар,
Ақты су,
Көрдім талай жандарды да тас бауыр.
Сонда жатыр шеккен сапар,
Тірлігім,
Сонда жатыр айтылмаған бір мұңым.
Ерте ағарған шашқа қарап біреулер,
Өздерінше жорамалдап жүр бүгін.
Таңырқама,
Ақ шашыма қарама,
Бәрібір мен боямаймын қараға.
Қара түнек баспаса екен көңілді,
Қара түнек орнамасын далаға!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара шың

  • 0
  • 0

Бұлт үйіріліп, шоғырланған басына
Қара шыңның келіп тұрмын қасына.
Өн бойына ораныпты сұр тұман,
Тұрса керек, қараулығын жасыра.

Толық

Белеңдер

  • 0
  • 0

Талай белден өтіппіз салып-ұрып,
Алдымыз — шопан ауылы Сарықұдық.
Ақши менен тербетіп қамыс басын,
Жел еседі сыбырлап өлі құрып.

Толық

Жарқыра менің жұлдызым

  • 0
  • 0

Жарқыра, менің жұлдызым,
Жұлдызсыз мақпал түн — түнек.
Шақырып шалғай, жүршілеп,
Құстары ұшып дүркіреп,

Толық