Арманды іздеуден шаршадым – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Арманды іздеуден шаршадым» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2522
Арманды іздеуден шаршадым,
Қырандар көкке іліп әкеткен.
Естайдай бірсүйер жар – сағым,
Қалғаны сезімді кекеткен.
Ойлардан жындандым,
Қиялым шынайы одан да.
Тазалық түбінде зынданның
Табиғат түнерген содан ба?
Ісім жоқ бітірген
Кештерде сүрініп құлаймын.
Үмітті үлкендер үпірген
Бекеттің басында жылаймын.
Бақытым – жыр арнам,
Соңына мыңдарды ерткен.
Мен сенсіз бәрібір тұра алман
О, арман, жылатқан, жеріткен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері