Жаныңдағы жарылысқа қарамас

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1660
Жаныңдағы жарылысқа қарамас,
Жайнаң қаққан жақсы қызбын сырт елге.
Өмір осы бағы, соры аралас
Анар ханум, маңайыңнан мұң терме.
Адассам да ақ жүректі әнімнен
Мен жалғанды сүйеді екем өлердей.
Күш-қуатқа жарымаған тәніммен,
Тырмысады жүрек түбі жеңердей.
Шұғыласы шомылдырар шаттық бар,
Бұл жаһаннан бақыт таппай өтем бе?
Алыс күнге асығумен аптықпай,
Күлкі көміп, қас керемін бөтенге.
Кінәсізбін, күнәһар түн басынба,
Күнә татпан таусылмаса күш-айла.
Мен өлгенде қабірімнің басында
Ақындар кеп, жасап жатсын мүшәйра.
Балапандай жырларыма мас бола,
Мазақ етер мәртебелі халық та.
Ерте, кеш пе, тәнді көмер тас мола,
Анар ханум, өміріңнен жалықпа...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаныңдағы жарылысқа қарамас өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жаныңдағы жарылысқа қарамас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жаныңдағы жарылысқа қарамас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаныңдағы жарылысқа қарамас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері