Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп

Бұл бетте «Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1976
Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп,
Бұзық болып жүргенім жоқ жең түріп.
Гүлнар киген қара көйлек үстімде,
Қара шашым қара желге серпіліп.
Қара түннен кейін ақ таң ағарған,
Қара көзден сонда тамшы жоғалған.
Қара өлеңге ханзадамдай табынам,
Бірақ менде қара арман жоқ, ақ арман.
Қара қарға қарқылдайды өктем бе,
Қара ағаштың гүлін жұтып көктемде.
Қара суық қалшылдатса бойымды
Сені ойлар ем ақ ұлпа қар өпкенде.
Қара қазақ қалың елмін, жекемін,
Білем елге ақын жақын екенін.
Ақ төсекте ақ үмітке берілем,
Қара жер бірақ мәңгі мекенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері